29.09.2023 жылы Қарағанды қаласының бастауыш сынып мұғалімдері мен педагогикалық бағыттағы білім алушылардың қатысуымен №0260-ПЕД-23 «Білім беруді цифрландыру жағдайында бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту» жобасының күнтізбелік жоспарына сәйкес «Білім беруді цифрландыру жағдайында бастауыш мектепте білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту технологиясы» тақырыбында онлайн семинар өтті. Семинар барысында келесі мәселелер қарастырылды: бастауыш мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша мұғалімнің әдістемелік құзыреттілігін жетілдіру; Финляндиядағы білім беру жүйесінің ерекшелігі; оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға арналған тапсырмалар базасы жинақталған «Интеллектум» цифрлық контентінің мүмкіндіктері.